Биыл Астанада 5 жаңа автобус бағдары іске қосылады

АСТАНА. KAZINORM – Биыл Астанада 5 жаңа автобус бағдары іске қосылады. Бұл туралы елорда әкімдігінен мәлім етті.

Астана қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы көше-жол желілерін жеңілдету және елорданың қоғамдық көлігін дамыту үшін белсенді көлік саясатын жүргізіп келеді.

«Биыл бағдар желісінің қызмет көрсету аймағын кеңейту үшін жаңа 5 бағдарды іске қосу жоспарланып отыр. Шамамен 200 бірлік жаңа автобус сатып алынып, желідегі кесте саны 70 бірлікке артады», – деп атап өтеді әкімдіктен агенттік сауалына орай.

Әкімдік мәліметінше, қазіргі уақытта көше-жол желісінде қоғамдық көліктерге арналған жолағы 27 учаске бар. Олардың ұзындығы 100 шақырымнан асады.

«2024 жылы Айтматов, Тұран, Ұлы дала, Мәңгілік ел, Тәуелсіздік, Қошқарбаев, Керей-Жәнібек хандар сынды негізді магистралдық көшелерде арнайы жолақтар желісін шамамен 60 шақырымға арттыру көзделіп отыр», – делінген әкімдік жауабында.

ПІКІР ЖАЗУ