Құдабаев Дастан Амангелдіұлы Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Дастан Амангелдіұлы 1990 жылы туған, Қарағанды қаласының тумасы, 2 жоғары білімі бар. «Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын және Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін бітірген.
Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2012 жылы Қарағанды қаласы әкімінің аппаратында бастады. 2015 жылы «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің балалар және жастар үкіметтік емес ұйымдарымен жұмыс бөлімінің бас маманы болып, әртүрлі қызметтерді атқарды. Одан кейін «Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ персоналды басқару бөлімінің бастығы,
«Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» ММ-де басшының орынбасары – мемлекеттік еңбек инспекторы болды.
Қала әкімінің орынбасары болып тағайындалғанға дейін «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметін атқарған.