Мектептерде интернет жылдамдығы жақсара ма

Мәжіліс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс, цифрландыру және ақпараттандыру саласының инвестициялық ахуалын арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Кеңжолақты интернет желісіне қол жеткізу әлеуметтік саланы дамыту және азаматтарымыздың өмір сүру сапасын арттыру үшін шарт болды. Пандемия кезінде онлайн білім беруді енгізу мәжбүрлі шара болды. Алайда, бүгін біз оның барлық кезеңдерінде оқытудың біріктірілген нұсқаларын белсенді түрде қолдануды жалғастырудамыз. Қашықтан оқыту технологиялары шалғайдағы және шағын жинақталған мектептердің мәселелерін шешуде жақсы көмекші болып отыр, – деп айтты депутат Жұлдыз Сүлейменова.

Оның сөзінше, заманауи ақпараттық жүйелер мен цифрлық білім беру платформалары жақсы байланысты қажет етеді.

Сонымен қатар еліміздегі 7 826 мектептің 7 750-і Интернет желісіне түрлі технологиялармен қосылғанына қарамастан, тек 5 073 мектепте интернет жылдамдығы медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) ұсыныстарына сәйкес келеді. Осы ұсыныстарға сәйкес бір мектепке ең төменгі жылдамдық – 20 Мб/с. Оқушылар саны 400-ден асатын мектептер үшін 20 оқушыға қосымша кемінде 1 Мб/с ұсынылады.

1 043 мектепте интернет желісіне қол жеткізу жылдамдығын арттыру үшін техникалық мүмкіндік бар, 1643 мектепте мұндай мүмкіндік жоқ. Қосымша инфрақұрылым қажет. Заң жобасында байланыс инфрақұрылымын жақсартуға, оның сапасын арттыруға, оның ішінде мектептер үшін бірқатар норма ұсынылады. Сонымен қатар былтыр 9 қазаннан бастап Ақмола, Қарағанды және Алматы облыстарындағы Starlink спутниктік технологиялары арқылы 150 Мбит/с жылдамдықпен интернет желісіне пилоттық режимде 10 мектеп қосылды. Қалаларда ғылыми-зерттеу зертханалары 5G технологиясына қол жеткізе алады, – дейді мәжілісмен.

Бұдан басқа заң жобасында цифрлық технологиялар үшін инновациялық ортаны дамытуға байланысты өзгерістер ұсынылады.

Бұл мәселе ғылым мен білімнің дамуы үшін де өте маңызды.

Қазіргі уақытта біздің Комитет ғылым және жаңа технологиялық саясат мәселелері бойынша бірқатар заң жобаларын қарастыруда. Осы жобада ұсынылған цифрлық технологиялар саласындағы шешімдер инновацияларды дамытудың жаңа құқықтық ортасына тиімді қосымша болады. Мәселен, ұлттық заңнамада тәжірибелік құқықтық режимді енгізу – жаңа идеялар мен жобаларды енгізу үшін құқықтық жағдайларды жедел жасауға мүмкіндік береді. Бұл ретте заңнаманың объективтілігін, қауіпсіздігін және тазалығын сақтау қажет, – деп айтты Сүлейменова.

Мәжіліс заң жобасын дауысқа салып, оны бірінші оқылымда мақұлдады.

ПІКІР ЖАЗУ