Japan Airlines компаниясын алғаш рет әйел басқаратын болды
АСТАНА. KAZINFORM – Japan Airlines алғаш рет президенттік қызметке әйелді тағайындады. Бұл әлемдегі ең ірі әуе тасымалдаушыларының бірі үшін күтпеген қадам болды, деп жазды ВВС.
Мицуко Тоттори 1985 жылы компанияда стюардесса болып жұмыс істей бастаса, соңғы онжылдықтарда жоғары қызметтерге көтерілген.
Өзінің айтуынша, ол атқаратын жоғары лауазым басқа әйелдерді мансаптық өсуге шабыттандыруы керек.
Мицуко Тоттори 1 сәуірде Юдзи Акасаканың орнын басады. Аксака енді компаниядағы ең жоғары лауазым – директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарады.
Басшылықтың ауысуы Токионың Ханеда әуежайында Airbus A350 ұшағының жағалаудағы күзет ұшағымен соқтығысқан оқиғадан екі апта өткен соң болды.
Оқиғадағы A350 ұшағының барлық 379 жолаушысы мен экипаж мүшелері сәтті эвакуацияланды. Басқа ұшақта бес адам қаза тапты.
Тоттори компания президенті ретінде әрқашан қауіпсіздікті бірінші орынға қоятынын атап өтті.