Ташкенттің аты аңызға айналған «Пахтакор» футбол клубы сатылымға шығарылды

АСТАНА. KAZINFORM – Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік активтерді басқару агенттігі Ташкенттің «Пахтакор» футбол клубының 100% мемлекеттік үлесіне жария сауда-саттықты бастады, деп жазады АЗЕРТАДЖ ақпарат агенттігі. 

«Азия футбол конфедерациясының мәлімдемесіне сәйкес, футбол клубтарының бір мемлекеттік ұйымның меншігінде болуы салауатты бәсекелестік ортаны құруға кедергі келтіреді».

«Бүгінде футбол клубтары мемлекеттік ұйымдар мен мемлекет қатысатын кәсіпорындардың иелігінде, ал мемлекет жалпы бенефициар болып қала береді – бұл жағдай халықаралық қағидаттарға сәйкес келмейді. Сәйкесінше, бірінші кезеңде ең тартымды футбол клубтарын жекешелендіру арқылы жеке сектордың үлесін кезең-кезеңімен ұлғайту жоспарлануда. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, тиісті жекешелендіру бағдарламаларына сәйкес Мемлекеттік активтерді басқару агенттігі «Пахтакордағы» 100% мемлекеттік үлесіне ашық сауда-саттықтың басталғаны туралы хабарлайды.

«Пахтакор» 1956 жылы құрылған. 1972 жылы команда КСРО чемпионатының күші жағынан екінші чемпионатында жеңімпаз атанды, ал 1968 жылы КСРО Кубогының финалында мәсекеулік «Торпедодан» 0:1 есебімен ұтылды.

«Пахтакор» – Өзбекстанның 16 дүркін чемпионы, бұл рекордтық көрсеткіш. Ол сондай-ақ ел кубогының 13 дүркін иегері атанып рекорд орнатқан.

Клуб Азия чемпиондар лигасының жартылай финалында екі рет ойнаған.

ПІКІР ЖАЗУ