Шымкентте шығармашылық салада қызмет көрсететін 2523 кәсіпкерлік субъект тіркелген
Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен баспасөз конференциясында Туризм, сыртқы байланыстар және кретивті индустрия басқармасы басшысының м.у.а. А. Нұрымбетов айтты.
«Бүгінде басқарма тарапынан қаладағы креативті индустрияның бүгінгі жағдайына талдау жасалды. Бүгінгі таңда статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2023 жылы қалада шығармашылық саладағы 2523 кәсіпкерлік субъект тіркелген, бұл қаланың Шағын Орта Бизнес субъектілерінің жалпы санының 1,99 % құрайды. Оның ішінде 489 заңды тұлғалар болса, жеке тұлғалар – 2034»,-деді А.Нұрымбетов.
Бүгінгі таңда креативті индустрия саласына 12 бағыт бойынша 43 OKEД бекітілген. Біз өзіміз қаладағы креативті индустрия өкілдерімен бірқатар кездесу және талқылау жұмыстарын жүргізіп 4 басым бағытын белгіледік. Олар:
- Кино және анимация – 114 бірлік;
- Дизайн және сән – 156 бірлік;
- IT және геймдевелопмент – 207 бірлік;
- Халық қолөнері – 1330 бірлік.
Әр бағыт бойынша басқарма арнайы серіктестік ұсыныстарын әзірлеп, мүдделі кәсіпкерлердің базасын қалыптастыруда.
Бүгінгі таңда IT-технология бағытында «Sifro», кино және анимация бағытында «Mandarin Pictures» және «Sak», «Жанна Елтанованың Сән үйі», «Turan Models» және «Amanat» компанияларымен дизайн және сән үлгісін дамыту бағытында жұмыстар жүргізілуде.
Кәсіпкерлердің ұсынысы бойынша қалаға келетін қонақтарға арналған креативті тақырыптық маршруттар дайындалып, арнайы буклеттер жасалды.
Баспасөз конференциясының толық нұсқасын https://www.youtube.com/@AKO17/streams сілтемесіне өту арқылы көре аласыздар.