Шымкент: Үстел теннисі турнирі: үздік атақ үшін күресте 12 команда

Шымкент гарнизонында үстел теннисінен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының чемпионаты аяқталды. Турнирге «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының бөлімдерінен 12 команда құрамында 50-ден астам әскери қызметші қатысты. Сайыс жеке және командалық сынақтарда жеңіске жеткені үшін 2 марапаттар жиынтығы бойынша ұйымдастырылды.

Дәстүр бойынша жарыстың басталуы Мемлекеттік Туды көтеріп Әнұранды орындаумен ашылды, содан кейін бірінші кезеңге жеребе тартылды.

Бұл кезең командалар арасында ұзақ және қарқынды ойынмен ерекшеленіп, 35748 әскери бөлім командасы жеңімпаз атанса, 29108 әскери бөлімінің құрамасы күміс жүлдегер, ал 03811 әскери бөлімнің командасы үздік үштік қатарын толықтырды.

Екінші кезеңде бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша финалға шыққан және өз командасының ішінде үздік нәтиже көрсетіп, сондай-ақ теннис ракеткасын меңгеру шеберлігімен көзге түскен 12 адам үшін қайта жеребе тартылды. 

Үздіктердің үздігі кірген шешуші ойындардың барлығында күрес қарқынды болғандықтан, соңына дейін ешкім ойынның нәтижесін алдын ала болжай алмады.

Қортындылай келе жеке есепте ерлер арасында капитан Т.М.Секенов жеңімпаз атанды, ал майор Б.А.Саипова болмысынан нәзік жанды жауынгерлер арасында жеңіске жетті. Екі жеңімпаз да 85395 әскери бөлімінде қызмет етеді.

– Турнир жоғары деңгейде өтті. Біздің команда күн сайын ракетканы меңгеру шеберлігін пысықтай отырып, чемпионатқа қарқынды дайындалды, бірақ ең бастысы, жарыста жеңіске жетуге тәртіп пен командалық рух көмектесті, – деп бөлісті 85395 әскери бөлімінің әскери қызметшісі майор Бақыткүл Саипова. 

Турнирден кейін марапаттау рәсімі өтті. Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне құрмет грамоталары, кубок пен вымпел табысталды. 

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ