NASA Айға зымыран ұшырмақ
АҚШ-тың NASA ғарыш агенттігі 50 жылдық үзілістен кейін Айға зымыран ұшырмақ. Ғарыш кемесін биылғы жылдың соңында немесе 2025 жылдың басында ұшыру жоспарланған. Бұл жолы олар Айға қонбайды, бірақ келесі экипаждың қонуына мүмкіндік жасамақ. Бұл жолы Айға алғаш рет әйел адам ұшады. Экипаж мүшесі Кристина Кох алғашқы әйел-астронавт атанбақ. Ал Виктор Гловер айға ұшқан алғашқы афроамерикалық болады. Сондай-ақ экипаж қатарына Рид Уиземан мен Джереми Хансен қосылды. Марсиа Данн, сарапшы: – Биыл 4 ғарышкер – 3 америкалық және 1 канадалық азамат Айға ұшады. Бірақ қонбайды. 10 күнде айналып шығады. Адамзаттың Айға ұшпағанына жарты ғасырдан асып кетті. Сондықтан мұның бәрі тарихи сәтке айналмақ. Бұл ұзақ сапарда 4 ғарышкер Айға дейін 370 000 шақырым ұшып, 9 күн 13 сағат жұмсайды. Осыдан кейін олар айдың айналасында 6 күнге орбитаға шығады. Ғарышкерлер Айдың жанындағы жерсерігіне адам түсе алатындай жол салып, онда тұрақты база тұрғызады. Миссияға 4 миллиардтан астам доллар жұмсалады деген ақпарат бар. Оның 363 млн доллары Айға жүк жеткізетін коммерциялық компанияларды қолдауға бөлінеді. Марсиа Данн, сарапшы: – Бұл ғарышкерлер тобының Айға кедергісіз қонуына жол ашатын маңызды миссия болмақ. АҚШ 2028 жылы адамдарды Айға жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл жайында NASA-ның 2020 жылғы жоспарында айтылған. Айды зерттеудегі бағдарламасы аясында NASA Ай маңында Gateway станциясын жасау идеясымен жұмыс істеп жатыр. Келешекте Айға ұшқан адамдар сонда қонады және кері қайтқанда да осы станция арқылы ұшады.
https://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/633720-nasa-aj-a-zymyran-shyrma