ШЫМКЕНТ: «Сайрам» тұрғын алабында 300 орындық мектептің құрылысы қарқынды жүргізілуде
Шымкент қаласының «Сайрам» тұрғын алабында 300 орындық мектептің құрылысы қарқынды жүргізілуде.
Қала әкімі құрылысы өткен жылы наурыз айында басталған әлеуметтік нысанның құрылыс барысын бақылады.
Жауапты мердігер мекеме – “Жаңа Арна 2002” ЖШС. Жобаның сметалық құны – 1 020 553,0 мың теңге.
Құрылысты жаңа оқу жылының басталуына дейін аяқтау жоспарланған.
Сонымен қатар, қала әкімі тұрғын алаптағы 120 орындық қосымша оқу корпусы құрылысының барысын да аралады .
Нысан құрылысы “А.Р.Т.-Құрылыс” ЖШС тарапынан жүргізілуде. Мердігер мекеме
құрылысты биыл тамыз айында аяқтауды жоспарлап отыр.
Ал биыл жалпы ұзындығы 14,8 шақырым болған 8 көше жөнделеді. Қазіргі таңда, мердігер «Нұрлы жол» ЖШС Cыдықхан ата ( 2,2 шқ), Гозохан көшесінде (3,0 шқ) жөндеу жұмысын жүргізіп отыр.
Орташа жөндеуден өтіп жатқан Марьям ана мен Хавазмат ата көшелері бар. Мердігер мекеме «АзияКомплексСтрой» ЖШС тарапынан құрылысты маусым айында аяқтау көзделген.
Айта кетсек, бүгінде тұрғын алапқа №30 – Сайрам – Акбар базар, №139 Сайрам – Ордабасы, №148 Шапырашты – Акбар базар бағытында қоғамдық көлік қатынайды.