Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
БілімЖаңалықтар

Түркістан: республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі басталды

Бүгін Түркістан өңірінде жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің І туры басталды.

Жарыс Н.Оңдасынов атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты, М.Тасова атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған №12 мектеп-интернаты, Б.Өтеп атындағы мамандандырылған «Өнер» мектеп-интераты және «Жаңа Дәуір» мектеп-интернатының базасында өтіп жатыр.

Дәстүрлі форматта өтетін пәндік олимпиада ІІ турдан тұрады. Байқауға 14 жалпы білім беретін пән бойынша Түркістан облысының аудан, қалаларынан орта, мамандандарылған дарын метептерінен және 2 БИЛ мектебінен 1083 оқушы қатысуда. Оның ішінде, жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша 529 оқушы, қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 554 оқушы бақ сынауда.

Айта кетейік, жарыс аяқталған уақытта әр пән бойынша оқушының екі турда алған жалпы ұпайы қосылып, орындар белгіленеді. Қорытындысы облыстық «Дарын» орталығының сайтында жарияланады.

Сәйкес жаңалықтар

“Даму” бағдарламасы арқылы ақша уәде еткен астаналық әйел ұсталды

admin

Президент Қатар бизнесмендерін Астана халықаралық форумына шақырды

admin

Қазығұрт: ауданы аумағындағы жанар-жағармай құю бекеттеріндегі дизельдік отын және сұйытылған мұнай өнімдеріне (газ) бойынша мониторингтік жұмыстары

admin