Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

«Ұлттық қор – балаларға» жобасы ресми іске қосылды

1 қаңтардан бастап Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы балалардың арнайы жинақтау шотына аударылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қаржы барлық балаға тең бөлінеді. Ұлттық қор қаражатын білім алуға және тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдалануға болады.

2024 жылдың ақпанында 18 жасқа толғандар Ұлттық қордан ақшасын шеше алады. Себебі қаражат шотқа сол уақыттан бастап аударыла бастайды.

Алдын ала мәлімет бойынша, жоба алғашқы жылдың өзінде 7 миллионнан астам баланы қамтиды. Ақша еліміздегі барлық балаға теңдей бөлінеді. Оның мөлшері Ұлттық қордың инвестициялық табысына байланысты.

Болжам бойынша 2024 жылы туған баланың шотына 18 жылда 3500 АҚШ доллары жиналуы тиіс. Ал жыл сайын шамамен 150-160 доллар аударылады.

Сәйкес жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Қазығұрт ауданындағы әлеуметтік нысандардың құрылыс алаңдарында болды

admin

Кендауда «Кентау –өнерлі аймақ» атты қалалық қолөнер шеберлері байқауы өтті

admin

Созақ: аудан көлемінен «зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдер мен балаларға» кешенді көмек көрсету жөнінде дөңгелек стол ұйымдастарылды

admin