Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Шымкент: қала әкімі теміржол вокзалының қайта жаңарту жұмыстарын бақылады

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков теміржол вокзалының ғимаратын реконструкциялау жұмыстарын бақылады.

Теміржол вокзалына екінші қабат және бірінші қабаттың сол қанаты мен қасбетін монтаждау жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ әрлеу, ғимарат құрылымын нығайту және электр, өрт сөндіру, жылыту, желдету жүйелерін толық ауыстыру жұмыстары атқарылды.

Қазіргі уақытта бірінші қабаттың сол қанаты мен ғимараттың қасбетінде әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Қайта жаңарту барысы аяқталған соң, жалпы ауданы 2249,33 шағын метрді құрайды. Ал жолаушы өткізу қабілеті тәулігіне 6 мың адамға дейін артады.

Теміржол вокзалының қайта құру жұмыстарын бақылаған қала әкімі жауаптыларға нысанды мегаполис сәулетіне сай сапалы жабдықтауды тапсырды.

 Айта кетейік, қасбетті монтаждау кезінде ұнтақ бояумен әрленген және пеште кептірілетін мырышталған сапалы панельдер пайдаланылуда.

Сәйкес жаңалықтар

Елімізде ең беделді IBO-2024 халықаралық олимпиада басталды

admin

Түркістан облысына келуші шетелдік туристер саны 2 есеге артты

admin

Кентауда «AGROEL.KZ» жобасын жүзеге асыру жұмыстары әзірленуде

admin