Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарСпорт

Ұлттық спорттың үздіктерін «Алтын тұғыр» сыйлығымен марапаттау рәсімі өтті

Елордада ұлттық спорттың майталмандарын «Алтын тұғыр» сыйлығымен марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шарада Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Мемлекет басшысының қатысушыларға жолдаған құттықтау сөзін оқып берді. Еліміз спорт саласын өркендетуге мейлінше назар аударып, қамқорлық танытып келе жатқанын атап өтті. «AMANAT» партиясы да ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртып, дамытуға барынша қолдау көрсететінін жеткізді. «Алтын тұғыр» сыйлығы «Көкпар», «Бәйге», «садақ ату», «Аударыспақ», «Жамбы ату», «Теңге ілу» сынды 10 аталым бойынша ұлттық спорт саңлақтарына табысталды. Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы: «Бұл ұлттың келешегі, ұрпақтың тәрбиесі үшін айрықша мәні бар оқиға. Төл өнерімізде қазақтың тарихы, мәдениеті, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі түгел көрініс тапқан. Ұлттық ойындарымыз халқымыздың отаншылдық, адалдық, жауапкершілік, қайсарлық, ептілік сияқты қасиеттерінің ұрпақтан ұрпаққа жалғасуына септігін тигізіп келеді. Ұлы даланы дүбірлеткен көшпенділер мәдениетін заман талабына сай бейімдеп, жаңғырту ұлтымыздың болмысын және бірегейлігін сақтауға ықпал етеді. Осы орайда ұлттық ойындарға жанашырлық танытып, оны дәріптеп жүрген азаматтарға шынайы ризашылығымды білдіремін».

Сәйкес жаңалықтар

Келес: мемлекеттік қызметтің алтын діңгегі – тәртіп

admin

Қол күрестен әлем чемпионаты өз мәресіне жетті

admin

Биыл Астанада 5 жаңа автобус бағдары іске қосылады

admin