Сауран ауданының коммуналдық саласы жаңа техникалармен толықты
Мемлекет басшысы өңірлерді дамыту мәселесін ең алдыңғы бағыттарға қойған болатын. Осы ретте елді мекендерде техникамен атқарылатын жұмыстар көлемінің ұлғаюына байланысты оларды қажетті техникалармен қамтамасыз етуге мүмкіндіктер жасалынды. Осы ретте Сауран ауданында жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, коммуналдық саладағы қызметті одан әрі жетілдіру, жұмысты оңтайландыру мақсатында техникалық көліктері сатып алынды. Олардың ішінде жүк тиегіш көлік, трактор, манипулятор, қоқыс таситын көлік, автогрейдерлер және «Муравей» мотоциклі және тағы басқа техникалар бар.
Ауданның санитарлық тазалығын қамтамасыз ету бағытындағы және коммуналдық жұмыстар осы техникалардың көмегімен атқарылады.
Аталған көліктер аудан әкімдігінің Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Сауран қызмет» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағына берілді.