Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарСпорт

Сарыағаш: ауданда футзалдан республикалық турнирі өтуде

Бүгін ауданда  “16 желтоқсан  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні” мерекесіне орай “Футзалдан Республикалық турнирінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Салтанатты шараға аудан басшысы Арман Абдуллаев, облыстық мәслихаттың депутаттары Ж.Сүлейменов,

Б.Басымбек, спорт ардагері Қ. Дүйсебаев қатысты.

-Сіздерді «16 желтоқсан — Тәуелсіздік күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Көк туымыз биікте самғай берсін. Баршаңызды денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жолдауларында салауатты өмір салтын ұстануға үнемі шақырып келеді.Ауданда спорттық шаралар қарқынды өтуде. Бүгінгі жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеймін, -деп аудан басшысы жылы лебізін білдірді.

Айта кетсек, 17-18 желтоқсан күндері 

ересектер арасындағы Республикалық турнирге Өзбекстан Республикасынан, Тараз,Шымкент,Арыс қалаларынан,Қызылорда облысынан,Мақтаарал, Келес келген командалар бақ сынасатын болады.

Сәйкес жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЙТА ӨҢДЕУ ҮЛЕСІ 3 ЕСЕГЕ АРТАДЫ

admin

Дипломды «оқымай-ақ» алуға бола ма? Депутат дабыл қақты

admin

Қарағандыда жол бойында үйілген қар мен мұз тұрғындарды әлекке салды

admin