Сауран: Иассы ауылдық округінің әкімі сайланды

Сауран ауданы, Иассы ауылдық округінің әкімі болып Пірметов Сыздық Хамзаұлы сайланды. Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров Сыздық Хамзаұлын ауылдық округ тұрғындарына таныстырып, қызметіне табыс тіледі. Сонымен қатар, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Оразбек Әміреев сайлау комиссиясының шешімімен таныстырып, қызметтік куәлігін табыстады.

 Сыздық Пірметов 1964 жылы 21 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданы, Еңбекші-Дихан ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1982 жылы Ташкент политехника институтына оқуға түсіп, инженер-механик біліктілігі бойынша 1989 жылы бітірген. Содан соң Алматы экономика және статистика академиясының экономист біліктілігін 2005 жылы алған.

 Еңбек жолын 1981 жылы мектеп қабырғасын бітірген соң, Түркістан ауданындағы Жамбыл колхозында жұмысшы болып бастады. 1983-1985 жылдары әскери борышын өтеді. 1989-1993 жылдары Кентау экскаватор зауытында инженер-технолог болып қызмет атқарды. 1993-1996 жылдары Түркістан қаласындағы Калинин сельпосының дүкен меңгерушісі, 1996-1998 жылдары «Шобанақ» тұтыну кооперативінде қызметкер, 1998-2000 жылдары Түркістан қаласындағы №21 кәсіптік-техникалық мектепте өндірістік шебер қызметін атқарды.

 2000-2010 жылдары Оранғай ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман-салық инспекторы, 2010-2015 жылдары Оранғай ауылдық округі әкімінің орынбасары, 2015-2023 жылдары Оранғай ауылдық округінің әкімі болды.

ПІКІР ЖАЗУ