Сауран: төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетілуде

Күннің күрт суытып, ауа райының қолайсыздығынан аудан көлемінде бірқатар оқиғалар орын алды. Осыған орай, аудан әкімдігі тарапынан арнайы топ жасақталып, әр күн сайын кезекшілікпен бақылау жұмыстары жүргізілуде.

Ауа райының қолайсыздығынан Жүйнек ауылдық округі, Шыпан ауылында тілсіз жау түгел үйді отқа ораған. Оқиға орнына аудан әкімі Мақсат Таңғатаров арнайы барып, мән-жайды толық бақылауға алды. Отбасы мүшелеріне көңіл айтып, қолдау білдіретіндігін жеткізді.

Атап өтетін болсақ, бүкіл құжаттары мен үйдегі дүниелері отқа оранып күл болған отбасыға, бір апталық азық-түлік пен киім кешек мәселесін шешіп беретіндігін айтты. Құжаттарды Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандарына айта отырып, қайта қалпына келтіру жұмыстарын қоса атқаратынын жеткізді.

Сонымен қатар, Ескі Иқан ауылдық окурігінде орын алған бір үйдің жарты беті өртке оранған отбасы мүшелерімен де кездесіп, оқиға салдарымен танысты. Тұрғын үй иесі төтенше жағдай бөлімінің өрт сөндірушілерінің дер кезінде келу арқылы, толықтай өртенуден сақтап қалғандығын айтты.

Тілсіз жау айтып келмейді. Құрметті аудан тұрғындары Сіздерді қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, табиғат салдарынан орын алып жатқан жағдайларға сабырлық танытып, түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз!

ПІКІР ЖАЗУ