Келесте ұлттық тағамдар және кәсіби шеберлік байқауы өтті

Келес ауданында 16-желтоқсан «Тәуелсіздік күні» мерекесі қарсаңында этнос жастарының қатысуымен «Тurkistan Youth Talent»  және «Үздік шебер – 2023» атты облыстық ұлттық тағамдар және кәсіби шеберлік байқауы өтті. Шараға Келес ауданы әкімінің міндетін атқарушы Даурен Сариев, аудан әкімі аппаратының басшысы Бақтияр Абдрахманов пен Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Ернар Бектаев қатысты.

– Баршаларыңызды егемен еліміздің айрықшы мерекесі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймын. Мерекеге орай, Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасының “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің қолдауымен Келес ауданы әкімдігінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен өткізілетін “Turkistan Youth Talent” және “Үздік шебер” атты облыстық байқау өтті.  Бүгінгі іс шара аясында түрлі бағыттағы сайыстар болды. Осы бағыттар аясында сайысқан әрбір қатысушының арасынан тек қана шын мықтылар анықталып, өз ісінің нағыз шеберлері жеңіс тұғырынан көрінді, – деді аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Даурен Нұрланұлы өз сөзінде.

Жастардың бойына ұлттық сезім қалыптастыру, этнос өкілдерінің ұлттық тағамдарының ерекшелігі мен құндылығын бағалауға, қазақ халқының қонақжай дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу, дарынды жас кәсіпкерлерлерді қолдау және беделін арттыру мақсатында ұйымдастырылған шарада қатысушылар флорист, қол өнер, аспаз, безендіру, бет әрлеу бағыттары бойынша бақ сынады.

Байқау нәтижесіне сәйкес, «Үздік бет әрлеуші» бағыты бойынша бірінші орынды Қазығұрт ауданынан келген Рахат Бөлеген иемденіп, 400 мың теңге көлеміндегі сыйақыға ие болды. Сонымен қатар, аталған номинация бойынша екінші орынды Шардара ауданынан келген Назерке Амангелді, ал үшінші орынға Келес ауданының атынан қатысқан Умида Исраилова лайықты болды. Қос жүлдегерге арнайы планшеттер табысталды. 

«Үздік қол өнерші» бағыты бойынша Түркістан қаласынан келген Сұлтанғали Әбдірейім жеңімпаз атанып, 400 мың теңге берілді. Ал, «Үздік аспаз» бағыты бойынша келестік Әсем Әділ жеңіс тұғырынан көрінсе, «Үздік безендіруші» бағыты бойынша бас жүлде шардаралық Айман Егембердиеваға бұйырды. Сонымен қатар, «Үздік флорист» номинациясын Түркістан қаласының тұрғыны Диас Алимов иемденіп, 400 мың теңге көлемінде қаржылай марапат берілді.

ПІКІР ЖАЗУ