Төлеби: тұғыры биік тәуелсіз елім, Қазақстан!

Биыл Егемен ел атанып, Тәуелсіздік алғанымызға 32 жыл толғалы отыр.

Еліміз үшін ең атаулы күн қарсаңында, бүгін, Ленгір қаласындағы №7 IT мектеп-лицейінде «Тұғыры биік Тәуелсіз елім, Қазақстан!» атты әскери-патриоттық салтанатты іс-шара өтті.

Мерекелік шара елдігіміздің нышаны – Қазақстан Республикасының рәміздеріне деген құрметпен басталды. №35748 әскери бөлімінің музыкалық оркестрінің сүйемелдеуімен Мемлекеттік Ту кіргізіліп, Әнұран шырқалды.

Аталмыш шараға арнайы шақырылған қонақтармен бірге, аудандағы барлық жалпы орта мектептердің АӘД пәнінің ұстаздары мен 10-11 сыныптың жас сарбаздары қатысты.

Алғашқы мерекелік құттықтау сөзін арнаған Төлеби ауданының Білім бөлімінің басшысы Бекайдар Тойлыбаев сөз соныңда оқушыларға патриотттық тәрбие беруге зор үлесін қосқан бірқатар азаматтарды білім бөлімінің атынан марапаттады.

Сондай-ақ, оқушылардың мерекелік іс-шарасына арнайы шақырылған Төлеби аудандық мәслихаттың төрағасы Нұрлан Қойбағаров жас ұрпақтың бойында Отанға, туған өлкесіне деген сүйіспеншілік сезімдерін оятумен қатар, шыншылдыққа, төзімділікке, жауапкершілікке, батырлыққа тәрбиелеуге жол ашатын осындай патриоттық шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдіре отырып, өскелең ұрпақты елжандылыққа баулу ісіне атсалысқан бірқатар белсенді азаматтарға облыстық және аудандық мәслихат Грамоталары мен Алғыс хаттар табыстады. 

Шара барысында №1 мектеп-гимназия оқушылары Ауған соғысы ардагерлеріне, Таулы-Қарабах ұрыс-қимылдары мен Семей полигонының ардагерлеріне арналған концерттік бағдарламасын ұсынды.

ПІКІР ЖАЗУ