Сауран: хаттамалық тапсырмалардың орындалуы қаралды

Сауран ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаевтың қатысуымен аудан аумағындағы Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасына қарасты мешіттердің құжаттарын заңдастыру мақсатында арнайы жиналыс болып өтті. Жиналысқа ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары және тиісті сала басшылары қатысты.

 Мәжілістің күн тәртібіне сәйкес, ҚМДБ қарасты діни бірлестік нысандарының құжаттарының заңдастырылуы туралы ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрғазы Тажыбеков хабарлама жасады. Сонымен қатар, бұған дейін өткізілген жиналыстардағы хаттамалық тапсырмалардың орындалуы бойынша аудандық полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы Азамат Қадыр, Оранғай ауылдық округінің әкімі Берік Қуандық және Қарашық ауылдық округінің әкімі Адашжон Ганиев баяндама жасады.  

 Жиын соңында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар айтылып, хаттамаға түсіріліп, ауылдық округ әкімдері мен тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев қорытындылады.

ПІКІР ЖАЗУ