Келес: әдеп жөніндегі уәкілмен еркін, ашық форматта кездесу өтті

Келес ауданы әкімі аппаратының басшысы, аудан бойынша жергілікті атқарушы органдардағы Әдеп жөніндегі уәкілі Бақтияр Абдрахманов жергілікті аумақтық әкімдіктерге барып, мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізуде. Бақтияр Оралбайұлы алдымен аудан әкімдігіне қарасты кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінде болып, мемлекеттік қызметшілерімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасы және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша жиын өткізді.

– Ауданымыздың негізгі драйвері – ауылшаруашылығы саласы. Бұл саланы дамытуда сіздердің көзге көріне бермейтін еңбектеріңіз жатыр. Еткен еңбектің нәтижесін еселеу үшін ең алдымен тәртіпті реттеу қажет. Кемшіліктер жоқ емес. Сол тұсты реттеуде бірінші басшының қойған талаптарын бұлжытпай орындау керек. Әрине бірінші басшының өзі заң нормаларына сәкес жұмыс жүргізуді басты назарында ұстауы тиіс. Сонымен қатар, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы №814 Жарлығымен өзгерістер енгізілген мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидалары, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне енгізілген өзгерістерді жіті түсініп, жұмыс барысында басшылыққа алуларыңыз қажет, – деді аудан бойынша жергілікті атқарушы органдардағы Әдеп жөніндегі уәкілі Бақтияр Оралбайұлы.

Келес ауданы әкімі аппаратының басшысы, аудан бойынша жергілікті атқарушы органдардағы Әдеп жөніндегі уәкілі Бақтияр Абдрахманов Жүзімдік, Бірлесу, Ақтөбе және Бірлік ауылдық округтерінде болып, мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізді. Онда мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауына жүргізілген мониторинг нәтижелері таныстырылып, кемшіліктерді жою мен жүйелі түрде орын алатын бұзушылықтардың алдын алу бойынша ұсыныстар енгізілді. Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметшілердің қоғам тарапынан сынға алыну жағдайын болдырмау, Әдеп кодексіне сәйкес жұмыстан тыс уақытта қоғамдық сын тудыратын жағдайлардың алдын алу және жұмыс уақыты режимін сақтау, артық жұмыс істеу фактілерін болдырмау мәселесі талқыланды.

ПІКІР ЖАЗУ