Түркістан: «Түркістан таланттары» Келес ауданында

Түркістан облыстық мәдениет басқармасы, Қазақстан Жазушылар одағының Түркістан облыстық филиалы және Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы бірлесе ұйымдастырған «Түркістан таланттары» атты жыр кеші бүгін Келес ауданында өтті. Әуелі Келес ауданының орталық Сатыбалды Имамбердіұлы мешіті ішінен кітапхана бұрышы ашылып, шара Ә.Кенжеев атындағы Келес аудандық мәдениет үйінде жалғасты.

Аудандық әжелер алқасының төрайымы Әділет Әзімқұлованың ұйымдастырған «Әжелер тобының» ән шашуымен басталған кеште «Аманат» партиясы Келес филиалының төрағасы Ахмет Жұмабеков, Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова сөз сөйлеп, шараны ашып берді. Кездесуге айтыскер ақын Біржан Байтуов, ақын Сүндет Сейітов, журналист-ақын Бауыржан Ерман қатысты. Жыр кешін Журналист Қазақстан Жазушылар одағы Түркістан облысы филиалының төрағасы ақын Айдар Сейдәзім жүргізіп, шайырлар өлеңдерін оқыды. 

Кездесу аясында келестік әдебиетсүйер қауым ақындардың шығармашылығын жатқа оқып, сыр-сұхбат құрды. Барлық ақындарға құрмет көрсетіліп, сый-сыяпат жасалды.

ПІКІР ЖАЗУ