Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Созақ: таукент кентіндегі жылу қазандығының жұмыс барысымен танысты

Бүгінгі таңда Созақ ауданында ауа-райы күрт төмендеп, аязды күндер орын алуда. Осы ретте, аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков түнгі уақытта Таукент кентіне арнайы барып, ондағы «Шолаққорған-су» КММ  мекемесіне қарасты  орталықтандырылған жылу жүйесінің жұмыс барысымен танысты.

Сұйық және қатты отынмен жанатын қазандықтардың жай-күйін жіті бақылауына алды. Сондай-ақ көп қабатты тұрғын үйлердің жертөлесінде болып, онда элеваторларға келген жылудың бекітілген температуралық кестеге сәйкестігін қарап шықты.

Аралау барысында жауапты сала мамандарына өз жұмыстарына немқұрайлы қарамай, тұрғындарды тұрақты әрі сапалы жылумен қамтуды тапсырды. 

Айта кетейік, қазіргі уақытта кенттегі  көп қабатты тұрғын үйлердің жертөлесінде орналасқан элеваторларға дейін жылу бекітілген температуралық кестеге сәйкес берілуде. Қазіргі таңда дала температурасы -17 градусты көрсетсе, элеватордың жылу температурасы келуі 80, қайтуы 60 градусты көрсетуде.

Сәйкес жаңалықтар

Отырар: Ақтөбе ауылында атқарылған істер аз емес

admin

Түркістан облысында 176 мыңға жуық зейнеткер бар

admin

Шымкент: 18 жастағы қыз екі күннен бері табылмай жатыр

admin