Сарыағаш: жол қауіпсіздігі басты назарда

Сарыағаш ауданында қалың жауған қардың салдарынан орын алған көктайғаққа қарсы шаралар қабылдануда.

Аудан әкімі Арман Абдуллаев аудандық жолдардың, оның ішінде қала аумағындағы орталық көшелерде қар тазалау, мұз қатқан жолдарға инерциялық заттарды пайдалану шараларын шұғыл қабылдап, көшелерді реттеу тапсырылды.

Тапсырманың аясында, қазіргі таңда, аудан аумағындағы республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар және елді мекен ішіндегі автомобиль жолдарында көлік қатынасының үзілмеуін және төтенше жағдайлардың орын алмауын алдын алу мақсатында коммуналдық мекемелер тарапынан жолдарға инертті материалдар (құм, тұз) себу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, қала және ауылдық округтер бойынша қыс мезгілінде төтенше жағдайларды алдын алу және болдырмау мақсатында кезекшіліктер ұйымдастырылып, қолда бар техникалардың дайындығы пысықталған.

Құрметті аудан тұрғындары!

Көлік құралын басқарғанда сақтық шараларын сақтап, жазғы дөңгелектерге қысқы дөңгелектерге  ауыстырып, абай болуларыңызды сұраймыз.

Қар қалың және аяз болған жағдайда жол көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында қозғалысты шектеуге және орталық көшелерде автомобильдерді жол жиегіне қоймау жөнінде кеңес береміз.

ПІКІР ЖАЗУ