Ордабасы: Қажымұқан ауылдық округінің әкімі сайланды

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 және 37 бабы және аудан әкімінің №316 санды өкімімен 2023 жылдың 10 желтоқсандағы шешімімен Қажымұқан ауылы округінің әкімі лауазымына сайланған  Нұрпейісов Бауыржан Тыныштықбайұлы 12 желтоқсанынан бастап Қажымұқан ауылдық округінің әкімі қызметіне тағайындалды.

Жаңадан сайланған ауыл әкімін аудан әкімі Азат Оралбаев әкім аппаратына таныстырып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, аудан әкімі жаңа басшыға ауылдық округтегі ауыл шаруашылық, кәсіпкерлік саласына басымдық беріп, жоғары көрсеткішке қол жеткізуді тапсырды.

Нұрпейісов Бауыржан Тыныштықбайұлы  1990 жылғы 01 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Ынталы ауылында дүниеге келген. 2012 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша  бітірген.

Еңбек жолын 18.10.2013 жылы ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет басқармасының Алматы облысы Қаратау ауданы бойынша статист-бас маманы болып бастаған.

06.01.2014 жылы ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет басқармасының Алматы облысы Көксу ауданы бойынша статист-бас маманы;

22.06.2015 жылы Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, ұйымдастыру заң жұмыстары және ақпаратты сараптама секторы бас маманы;

24.07.2015 жылы Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының аумақтық сот орындаушылар бөлімінің сот орындаушысының міндетін атқарушы, сот орындаушысы;

22.12.2015 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің заңды тұлғаларды тіркеу жұмысын ұйымдастыру бөлімінің бас маманы;

25.07.2018 жылы Түркістан облысы Әділет департаментінің заңды тұлғаларды тіркеу жұмысын ұйымдастыру бөлімінің бас маманы;

22.11.2019 жылы Түркістан облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы;

30.01.2020 жылы Түркістан облысы Әділет департаментінің Ордабасы ауданаралық әділет басқармасының басшысы;

09.07.2021-19.06.2023 жылдары осы күнге дейін Түркістан облысының Әділет департаментінің Ордабасы ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі филиалының сот орындаушысы (Ордабасы ауданаралық әділет басқармасының басшысының міндетін уақытша атқарушы) болып қызмет еткен.

Отбасылы, 2 ұлы бар.

ПІКІР ЖАЗУ