Ордабасы: жаппай көкпар спортының жаңа ережелері таныстырылды

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында соңғы үш жылда «Жаппай көкпар» спортына байланысты шыққан ойын ережесі таныстырылды.

Жиналысқа Түркістан облысы «Көкпар федерациясы» қоғамдық бірлестігінің Ордабасы аудандық филиалының президенті Талғат Саменов, Түркістан облысы «Көкпар федерациясы» қоғамдық бірлестігінің бас төрешісі Нұрбек Маханбеков, аудандық Полиция бөлімінің басшысы Ғалымжан Қуашбаев, аудандық Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтару және спорт бөлімінің басшысы Нуриддин Асанбаев, аудандық бас төреші Ықлас Альжанов, көкпар спортының төрешілері, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Ұлттық ат спортының ережелері туралы филиал президенті мен облыстық «Көкпар федерациясы» қоғамдық бірлестігінің бас төрешісі таныстырып өтті.

Алқалы жиында ауылдық округ әкімдері мен сала жауаптыларына Түркістан облыстық «Көкпар федерациясы» қоғамдық бірлестігінің президенті Ғани Ахметбаевтың бекітуімен мақұлданған «Жаппай көкпар» спортының ережелері егжей-тегжейлі айтылып, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу жағы тапсырылды.

Сондай-ақ, Көкпар федерациясы тарапынан ойын қатысушылары көп шоғырланған спорттық сайыста тәртіп пен қауіпсіздік мәселесі жөнінде ауданның құқық қорғау, денсаулық сақтау органдарымен бірлесіп әрекет ету жағы сөз болды.

ПІКІР ЖАЗУ