Келес: аудан орталығындағы ауыз судың кермектігі төмендеді

Келес аудандық прокуратурасында аудан прокуроры Нұрлан Ешенқұловтың төрағалығымен аудан орталығындағы ауыз сапасы бойынша жиын өтті. Жиынға Келес ауданы әкімінің орынбасары Алмас Сексенбаев, Келес аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Н.Слан және ауыз саласына жауапты мамандар қатысты.

Жиын барысында күн тәртібінде қаралған мәселе жайы кеңінен талқыланып, себеп салдарына талдау жасалды. Атап айтқанда Абай ауылының тұрғындарына жеткізілетін ауыз су құрамының өзгергенінің себебі айтылып, алдағы жұмыс жоспары талқыланды.

– Абай ауылына «Сарыағаш ТСЖ» өндірістік бөлімшесі арқылы таза ауыз су жеткізіледі. Алайда ағымдағы жылдың 13 қарашасынан бастап Зах каналы жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты Келес өзенінен су дайындау жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде судың кермектігі артқанымен, санитарлық-химиялық көрсеткіштері нормаға сәйкес келген. Зах каналының жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың 2 желтоқсанында аяқталып, қайта іске қосылды. Сонымен қатар, ел арасында айтылып жүрген жаңадан қазылған су ұңғымасынан халыққа әлі ауыз берілмеді, – деді Сарыағаш топтық су жүйесі өндірістік бөлімшесі басшысының міндетін атқарушы Т.Нұрғалиев. 

Жиын қорытындысымен аудан прокуроры жауапты мекемелерге ауыз судың сапасын қатаң қадағалауға және белгіленген кестеге сәйкес ауыл ішін толық сапалы ауыз сумен қамтуға тапсырма берді.

ПІКІР ЖАЗУ