Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Жетісай: қар тазалау жұмыстары жүргізілуде

Қыс мезгілінде аудан тұрғындарының және көлік жүргізушілерінің қауіпсіз жүріп-тұруын, көктайғақта орын алуы ықтимал түрлі қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың тапсырмасымен қала, кент, барлық ауылдық округтерде қардан тазалау жұмыстары жүргізілуде. Аталмыш жұмыстарға 5 техника мен 30-ға жуық адам жұмылдырылған. Жаңбыр аралас жауған қардан кейінгі ауа-райының суытуына байланысты мұз қатуының алдын алу мақсатында көшелерге тұз аралас құм себілуде.

Айта кетейік, аудандық маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендердегі ішкі көшелерді қардан тазалап, көктайғақты болдырмау мақсатында инертті материалдардан 180 куб құм (280 тонна) мен 25 тонна тұз, 5 арнайы техника, республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына 160 куб құм мен 60 тонна тұз, 7 арнайы техника, облыстық маңызы бар автомобиль жолдарына 250 куб құм мен 40 тонна тұз, 7 арнайы техника пайдаланылатын болады.

Табиғи жағдайға байланысты жол-көлік апаттарының және түрлі дене жарақаттарының алдын алу мақсатында тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға шақырамыз.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан жастарына арналған мобильді қосымша жасалып жатыр

admin

Ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру еліміз үшін айрықша маңызды

admin

Арыс аудандық сотының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өткізілді

admin