Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарСпорт

Түркістанда су спортынан үлкен турнир өтті

Түркістан қаласында жүзу спортынан Түркістан облысының 5 жыл толуына орай және қаланың құрметті азаматты Тәңірбергенов Ерқанат Рахымұлын еске алуға арналған жүзуден  жасөспірімдер арасында IV  республикалық турнир өтті.

11-14 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында өтіп жатқан сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 10 команда, 200-ге жуық спортшы қатысты.

Жарысқа қатысушы командалар Қызылорда облысы, Шымкент қаласы, Сарығаш, Созақ, Сайрам аудандарынан, Кентау, Леңгір, Шаян және Түркістан қалаларынан жиналды.

Атаулы жарыстың ашылу салтанатына Түркістан қалалық маслихатының төрағасы Ғаппар Амантайұлы, қалалық мәслихат депутаттары Ардақ Мансұров, Мұсабеков Данияр, Арыстанов Жандос, Түркістан облысы дене шынықтыру басқармасы басшысының орынбасары Айдос Адилханұлы, Бердашев Айтжан  қатысты.

ЖАРЫС НӘТИЖЕСІ БОЙЫНША

50 м еркін жүзу техникасы бойынша жүзуден ұлдар арасында 1-ші орын Мұрат Бақдаулет;

2- інші орын Мэлс Жандаулет;

3-інші орын Жарқынбек Алихан

****

50 м еркін жүзу техникасы бойынша жүзуден қыздар арасында 1-інші орын Ақылбекқызы Аделя ;

2- інші орын Рахматулла Балауса;

3-інші орын Еркін Райхан

Сәйкес жаңалықтар

Түркістанда тұрғындардың өзекті мәселелерін шешу үшін 6 сектор құрылған

admin

Көтерілген мәселелердің оңтайлы шешу жолдары қарастырылуда

admin

Астанада XIX республикалық «Жұлдызай» балалар шығармашылық фестивалі өтті

admin