Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Төлеби: «Саналы қарым-қатынас: отбасында, мектепте, қоғамда тиімді коммуникация дағдылары» тақырыбындағы конференция өтті

Төлеби аудандық мәдениет үйінде «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акция аясындағы «Саналы қарым-қатынас: отбасында, мектепте, қоғамда тиімді коммуникация дағдылары» тақырыбында конференция өтті.

Төлеби ауданының білім бөлімінің басшысы Бекайдар Тойлыбаевтың модераторлығымен өткен жиынға ата-аналар, қамқоршылық кеңес төрағалары, тәрбие орынбасарлары, мектеп педагог-психологтары қатысты. Конференция барысында «Өзіңе өмір сыйла!» сахналық қойылымы, тақырыптық бейнероликтер қойылып, «Әлем балалар көзімен» көзімен көрмесі ұйымдастырылды.

Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Сержан Дүйсебаев іс-шараның мақсаты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және қоғамда отбасының рөлін нығайту екендігін айта келіп жиынды ашып берді. Түркістан облысы ата-аналар қауымдастығының төрайымы Ақбаян Жақыпова «Заманауи отбасы құндылықтары» атты презентация жасап, қатысушылармен бірге тақырыпты кеңінен талқылады.

Сәйкес жаңалықтар

Алматыда қызылшамен ауырғандар саны бес есе өсті

admin

Полицейлер 30 жыл бойы қызыл төлқұжатпен жүрген ер азаматты құжаттандырды

admin

Дархан Сатыбалды: «Төлеби ауданында туризмді дамыту үшін қолайлы жағдай жасау қажет»

admin