Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Карантиндік шектеу шараларының сақталуы бойынша мониторинг жұмыстары тұрақты жүргізілуде

Шымкент қаласының барлық аудан аумағында карантиндік шектеу шараларының сақталуы бойынша мониторинг жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Қаратау ауданы аумағында мобильді топ аудан аумағында күндіз және түнгі уақытта да рейдтік іс-шараларды атқаруда, деп хабарлайды Bainews.kz тілшісі.

Кезекті мониторинг барысында ауданда көптеген кәсіпкерлік нысандары карантиндік талаптарды қатаң сақтай білсе, бірқатар нысандар шектеу шараларының талаптарын орындамай, сенбі-жексенбі күндері де жұмысын жүргізгені анықталды.

Жалпы анықталған кемшіліктерге аудандық мобильді топ тарапынан ескерту беріліп, нысан иелерінен түсініктеме алынды.

Барлық түсініктемелер арнайы шара көру мақсатында құзырлы мекемелерге жолданды.

Сондай-ақ, Абай ауданы Қызылжар шағынауданы Жиделібайсын көшесі бойындағы 14 тойхана мен мейрамханаларға мобильдік топ карантиндік талаптардың сақталуы бойынша кезекті рейд ұйымдастырды.

Мобильдік топпен бірге аудан әкімі Б.Парманов іс-шара барысында «Нұр-777», «Кездесу», «Дидар», «Сұлтан ата» Bomond”, «Ынтымақ», «Аль-акрам» және т.б, тойханаларға той және ас беру жиындарын өткізбеу керек екенін қатаң ескертіп, карантин талаптарын сақтауға шақырды.

Шымкент қаласының барлық аудан аумағында мобильдік топтардың жұмысы қарқынды жүргізілуде.

Сәйкес жаңалықтар

Төлеби: келеңсіз жағдайға тап болған жастармен, жасөспірімдер арасында жеке консультациялық жұмыс жүргізілді

admin

Мақтаарал: тілдер мерекесі — ұлттар арасындағы достық қарым-қатынастың дәнекері

admin

Дархан Сатыбалды ауыл-аймақты аралап, боран салдарын жою жұмыстарын қадағалады

admin