Қытайдағы аудан делегациясы Чжецзянг провинциясының Иу қаласында болды

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, аудан делегациясының Қытайдағы іссапары Чжецзянг провинциясының Иу қаласында жалғасты.

Тоқыма кластері дамыған Иу қаласындағы алғашқы жұмысын «Lanswe» деп аталатын тоқыма өнеркәсібінен бастады. Шұлықтан бастап, киімнің барлық түрлерін шығаратын фабрикада қолданылып жатқан жабдықтармен танысты. Киім өндіруге арналған жабдықтар шығаратын компания басшылығымен кездесіті. Қазақ халқының салт-дәстүріне сай шапан жауып, құрмет көрсетті. Сондай-ақ бейнебақылау құрылғылары мен жарықшамдар құрастыратын зауыттарында болды. Онда қолданылып жатқан соңғы технологиялардың  қыр-сырымен танысты.

Айта кеткен жөн, Иу қаласы Қытайдағы ең ірі сыртқы сауда орталықтарының бірі. Халық саны  3 миллионға жақын болса, ондағы бизнес орындарының жалпы саны 2 миллионға жетеді. Қалада әлемнің 200 елі мен аймақтарына тауар жеткізетін 2 миллионнан астам шағын және орта кәсіпорындар жұмыс істейді.

ПІКІР ЖАЗУ