Сарыағаш: «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» науқаны аясында дөңгелек үстел өтті

Қазақстан аумағында 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында Республикалық «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» науқаны аясында «Әйелдерді қорғау парызымыз» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Жиынға Түркістан облыстық әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Д.Әбдіқадырұлы және комиссия мүшелері:

«Қазақстан Республикасының республикалық әйелдер кеңесі» «Шымкент қалалық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Б.Жандосова, Қазақстан Қызыл Ай қоғамының басшысы, «Сенім Ай» қоғамдық бірлестігінде «Көмек» дағдарыс орталығының басшысы, облыстық комиссия төрағасының орынбасары М.Жүсіпова, Қазақстан Республикасы адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі Н.Қожабекова, Түркістан облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған іскер әйелдер кеңесінің төрайымы С.Төлегенова, Түркістан «ЖИТС-тен балаларды қорғау» қайырымдылық қоғамдық қорының президенті, Түркістан облысы «Әйелдер күштерінің альянсы»заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы, Ж.Жазықбаева, «Сана сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығының басшысы Ш.Хасанова, Түркістан облысы полиция департаменті ЖПБ бастығы, полиция полковнигі А.Төреханов, Түркістан облысы полиция департаменті ЖПБҚ ӘЗЗҚт аға инспекторы, полиция подполковнигі Ж.Қалабаева қатысты.

Дөңгелек үстелде 2 мәселе ортаға талқылауға шығарылды.

1.«Ауданда отбасы, әйелдер және қыздармен атқарылып жатқан жұмыстар туралы»

  1. «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың салдары және оны болдырмау мақсатындағы шаралар жөнінде»

Қозғалған тақырыптар аясында еркін пікір алмасу, сұрақ-жауаптар арқылы алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар пысықталды.

ПІКІР ЖАЗУ