Сайрам: мемлекеттік қызметшілердің мәртебесі

Қай кезде болмасын Мемлекеттік қызметші моральдық-этикалық талаптарды сақтауға міндетті. Қандай жағдай болмасын ұжымда жағымды моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру аса маңызды.

Бүгін осы мақсатта барлық ауылдық округ әкімдері және жауапты қызметкерлердің қатысуымен жиналыс өтті. Аудан әкімі аппаратының басшысы, Сайрам ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардағы әдеп жөніндегі уәкілі А.Ақылбектің төрағалығымен өткен жиында мемлекеттік қызметшілердің қызмет барысында туындайтын түсінбеушіліктер мен кедергілерін, мүдделер қақтығыстарын шешіп, заң аясында көмек беру, ұжымдық ортаны дұрыс қалыптастыруға мәселелері талқыланды. Яғни, Мемлекеттік қызметтің оң имиджінің дамуына, қызметкерлердің беделінің артуына ықпал ету.

Сонымен қатар, жиын барысында Айбек Ақылбекұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама және мемлекеттік қызметшілерге Әдеп кодексіндегі мемлекеттік қызметшінің іскерлігі мен ресми мінез-құлық қағидаларына да тоқталып өтті.

ПІКІР ЖАЗУ