Отырар: мемлекеттік қызметтердің көрсетудегі электронды үлесін арттыру мәселесі талқыланды

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде клиентке бағдарлану, сондай-ақ, электрондық қызмет көрсету сапасын жақсарту қажеттілігін ұсынған болатын.

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мәселелер аудан әкімі аппаратының басшысы Біржан Әшірдің төрағалығымен өткен кездесуде талқыланып, кездесуге ауыл округі әкімдері, бөлім басшылары және жауапты сала мамандарының қатысты.

Бүгінгі таңда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің электрондық үлестерін арттырудың маңыздылығы айрықша. Себебі, мемлекеттік қызметерді электрондық түрде алу – уақытты қысқартуға және олардың сапасын арттыруға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша жоюға мүмкіндік береді.

Жиында сөз алған аппарат басшысы Біржан Отарбайұлы қызмет алушылардың үйден шықпай-ақ, «eGov.kz», «e-license» порталдары арқылы электрондық түрде қызмет алу мүмкіндігін түсіндіруді және насихаттауды ұсынды. Сонымен қатар, шалғайда орналасқан ауыл тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштарын толығымен жасақтауды, бөлімдер мен ауылдық округ әкімі аппараттарынан жауапты маман бекітіп, біліктілігін арттыруды тапсырды.

Кездесуде жер қатынастары саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің бизнес-процесстеріне, орындалу мерзіміне енгізілген өзгерістер талқыланып, жаңадан қосылған қызметтер таныстырылды.

Аудан әкімі аппаратының бас инспекторлары Есбол Қасымбеков, Асхат Әмірхандар «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу», «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» және  «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік қызметтері бойынша регламент, қағидаларына сәйкес құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында көтерілген мәселелер мен ұсыныс-тапсырмалар хаттамаға түсіріліп, орындау үшін тиісті салаларға жолданды.

ПІКІР ЖАЗУ