Ордабасы: прокуратура қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

6 желтоқсан – елімізде Прокуратура қызметкерлерінің күні екені белгілі. Бұл өмірін осы салаға арнаған, әділдік жолында адал еңбек етіп келе жатқан жандардың еңбектеріне алғыс айтылып, қызметтеріне құрмет көрсетілетін күн.

Бүгін осы атаулы күнге орай аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Азат Оралбаев Ата Заңымыздың қағидаларын жүзеге асыру, адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, мемлекет мүддесін қорғау жолында қалтқысыз еңбек етіп келе жатқан ауданымыздың прокуратура қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.

Аудан басшысы өз құттықтауында прокуратура – құқық қорғау органдарының түпқазығы екендігін айта келе, аудандағы тәртіп пен заңдылықты сақтауда, экономикамыздың қарқынды дамуын қамтамасыз етуде, елеулі жетістіктерге қол жеткізуде аудан прокурорларының еңбегі зор екендігіне тоқталып өтті.

Аудан әкімі Азат Әбдіғалиұлы аудан прокуроры Абзал Қыдырбайды айтулы күнмен құттықтап, өзінің ұжымға деген арнайы құттықтауын табыстады.

Сонымен қатар, мерекелік жиында осы салада талмай еңбектеніп келе жатқан бірқатар азаматтарды аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабековтың Алғыс хатымен марапаттады.

Басқосуда аудан әкімінің алдағы жоба-жоспарларына сәттілік тілеген Абзал Айғабылұлы шынайы ризашылығын жеткізді.

ПІКІР ЖАЗУ