Сарыағаштық ұстаз «ҮЗДІК ПЕДАГОГ-2023» атанды

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің педагогтарға арналып ұйымдастырылған конкурста сарыағаштық ұстаз Таспулатов Аубдуманап Икрамович “Үздік  педагог-2023” атанды.  Ұлағатты ұстаз Сарыағаш ауданы №4 мамандандырылған  мектеп-интернатында 2007 жылдан бері қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып қызмет атқарады. Жоғары санатты, зияткерлік санаты педагог-шебер, аталған білім ордасында он бес жыл еңбек өтіліне ие ұстаз. 

2022-2023 оқу жылының қорытындысы бойынша мектепішілік конкурстың балл санын есептеу бойынша ең жоғары көрсеткішке ие болған Абдуманап Таспулатов 2007 жылдан бері жыл сайынғы өткізілетін дәстүрлі «Жылдың үздік мұғалімі» байқауында 2010, 2012, 2018, 2019, 2022 жылдары  бас жүлдені иеленді.

 А.Таспулатов “Білім беру ісінің құрметті қызметкері” төс белгісінің иегері. 

Сонымен қатар, облыстық, республикалық деңгейдегі пәндік-әдістемелік журналдарға үнемі мақала жариялап, тәжірибелерімен бөлісіп отырады, авторлық бағдарламалар мен  Түркістан облыстық білім басқармасының «Білім беруді дамыту орталығының» хаттамалық келісімін алған шығармашылық, вариативті компоненттік курстардың авторы.

Мұғалімдер пән олимпиадасының 2023, 2013, 2009 жылғы облыстық кезеңінің жеңімпазы.

Соңғы 3 жылда облыстық деңгейде 38 рет, республикалық деңгейде 7 рет жалпы білім беретін пәндер бойынша өткізілетін пән олимпиадалары мен ғылыми жоба байқауларында жүлделі орындарды иеленген Таспулатов Абдуманап Икрамович педагогикалық, шығармашылық іс-тәжірибелері  ауыл мектептері жобасы аясында С.Торайғыров атындағы жалпы білім беретін мектепте, шағын жинақты мектептер арасында облыс аумағындағы мектептерде, қалалық мектептерге таратылды.

ПІКІР ЖАЗУ