Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

«Түркістан таланттары» жобасы аясында Сарыағашта қаламгерлермен кездесу өтті

Сарыағаш ауданында «Түркістан таланттары» жобасы аясында қаламгерлермен кездесу өтті.  Кеш кейіпкерлері – өлкемізге белгілі ақындар Мұрат Бекей және шәкірті Сұлухан Мыңбаева. Мазмұнды кездесуде ақын, Қазақстан Жазушылар одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Айдар Сейдазым модераторлық етті.

Қонақтарға арнайы жасақталған «Құт қонған Саялы Сарыағаш» кітап көрмесі таныстырылды. Кешті Сарыағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әбіләзім Қалтайұлы және «Фараб» кітапханасының басшысы Жанат Сәдібекқызы ашып беріп, кеш иелеріне сәттілік тіледі. Кейіпкерлерге облыстық мәдениет және туризм басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаевтың атынан және Сарыағаш ауданы әкімі Арман Абдуллаевтың атынан құрмет көрсетілді. Ақындар өз шығамаларынан өлең оқып, жиналған көрерменге ұлағатты әңгімелерін айтты.

Айта кетейік, Түркістан облысы әкімдігі, Түркістан облыстық мәдениет және туризм басқармасының қолдауымен, Қазақстан Жазушылар одағының Түркістан облыстық филиалының және облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының бірлесе ұйымдастыруымен өтіп жатқан кездесулер өзге аудан, қалаларда да жалғасады.

Сәйкес жаңалықтар

Мирас, Шапағат-2 шағынаудандарына кәріз жүйесі тартылуда

admin

Келес: аудан тұрғындарының 81 пайызы «сақтандыру» ақпараттық жүйесіне тіркелген

admin

Шымкентте скутер мінген жасөспірім жол апатына ұшырады

admin