Түлкібас: “Сыр шерткен бізге көнеден, ұрпаққа үлгі өнегең” шешендік сөздерді жатқа айту байқауы өтті

2023 жылдың 4 желтоқсан күні  Түлкібас ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері Г.Оразбаеваның жылдық жоспарына сәйкес, А.Пушкин атындағы ақпараттық технологиялар мектеп лицейінің базасында 7-10 сынып оқушылары арасында   “Сыр шерткен бізге көнеден, Ұрпаққа үлгі өнегең” тақырыбында шешендік сөздерді жатқа айту байқауының аудандық кезеңі өткізілді.                             

Байқауға барлық білім беру ұйымдарының 7-10 сынып оқушылары қатысты.  

Байқауды Түркістан облысының білім басқармасы мен “Төлеби, Қазыбек би, Әйтеке би” қоғамдық қорларының төрағалары болып табылады.     

Байқаудың мақсаттары: оқушылар арасында Төлеби, Қазыбек би, Әйтеке би шығармаларын насихаттау , оқушылардың поэзияға, шешендік өнерге деген құштарлығын арттыру, өлең мен шешендік сөздердің құдыреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету.     

Байқау шарттарына сәйкес, шешендік сөздерді нақышына келтіріп, билердің шешендік сөздерін жаттауы, елді аузына қарататындай мәнерлеп, көркем оқи алатын қасиеті әрі ақындық,  жазушылық талабы болуы шарт.Мұнда үміткер үш би бабамыздың күні бүгінге дейін жеткен шешендік сөздерін образға ене отырып, мәнерлеп жатқа айту керек.                               

Әр оқушыға 7-10 минут уақыт   берілді. Бұл байқау биыл дәстүрлі түрде 2-ші мәрте өткізілуде. Байқау қорытындысы бойынша Абай атындағы мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Жайықбек Эльдана   бас жүлдені иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды.

ПІКІР ЖАЗУ