Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Шардара: отбасылық зорлық-зомбылыққа жол жоқ

Аудан әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының  кезекті отырысы өтті.

Мәжіліске комиссия төрағасы, аудан     әкімінің орынбасары Б.Шомпиев, комиссия хатшысы, аудан әкімі аппараты ұйымдастыру — инспекторлық  бөлімінің бас инспекторы А.Мүтәлі, комиссия мүшелері және мекеме, бөлім басшылары қатысты.

Жиында күн тәртібіндегі Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясы аясында атқарылып жатқан жұмыстар және  Шардара ауданындағы зорлық-зомбылықтың алдын-алу және зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету жөніндегі атқарылған  жұмыстар туралы баяндама жасалды.

Күн тәртібіндегі мәселені талқылай келе әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы облыс әкімінің орынбасары Б.Тәжібаевтың бекіткен республикалық «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» науқанын 25 қараша — 10 желтоқсан аралығында өткізу жөніндегі облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес, ауданда тиісті жұмыстар жүргізу жоспарларын пысықтады.

Сәйкес жаңалықтар

Д.А.Қонаевтың туған күніне арналған шара жоғары деңгейде өтті

admin

11 школ Туркестанской области — в числе 100 лучших в республике

admin

Мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді

admin