Ордабасы: Темірланда «Отбасы банк» ақ-ның кеңес беру орталығы ашылды
Бүгін аудан орталығы Темірланда «Отбасы банк» АҚ-ның кеңес беру орталығы ашылды.
Орталықтың ашылуына аудан әкімінің орынбасары Олжас Болатханұлы қатысып, халыққа баспана мәселесі бойынша қызмет көрсеткелі тұрған орталықтың жұмысына сәттілік тіледі.
«Бұл орталық ордабасылықтар үшін сапалы қызмет көрсетіп, жерлестерімізді жаңа баспанамен қуанта береді деген сенімдемін», деді аудан әкімінің орынбасары өз құттықтауында.
Қазіргі таңда еліміздегі әлеуметтік саясаттың маңызды бағыттарының бірі – азаматтарды қолжетімді әрі сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету.
Аталған орталықта депозит ашу, несие рәсімдеу, Отбасы банкінің бағдарламалары арқылы үй алу, кеңес беру сынды қызмет түрлері көрсетіледі.
Қосымша ақпарат алу үшін Темірлан елді мекені, Қажымұқан көшесі ✓157 үйде орналасқан «Отбасы банк» кеңес беру орталығының кеңесшісі Төлебаева Гулжамал, +7 771 673 9731 байланыс нөміріне хабарласып, өздеріңізге қажетті ақпарат алуларыңызға болады.