Түркістан: орлық-зомбылық құрбандарымен жүргізілетін бірлескен жұмыстарды дамыту

“Қамқорлық” жанұя орталығында «Зорлық-зомбылықсыз қоғам және тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының құқықтарын қорғау» тақырыбында  дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның мақсаты: Республикалық «Зорлық-зомбылыққа қарсы  16 күн» науқаны аясында, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын құқықтық және әлеуметтік қорғау, зорлық-зомбылық құрбандарымен жүргізілетін бірлескен жұмыстарды дамыту.

Дөңгелек үстелге облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік басқармалар басқармасы басшысының орынбасары  Күміс Кемелқызы және

Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы қатысты.

Сонымен қатар, жиынға Түркістан облысы Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлінісінің аға инспекторы, полиция полковнигі Жанар Балтабайқызы «Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды алдын алу» тақырыбында, «Сенім Ай» қоғамдық бірлестігінің психолог маманы Мөлдір Бастауғалиқызы –  «Зорлық-зомбылықты алдын алу процесі» тақырыбында, Халықаралық туризм және меймандостық университетінің вице-ректоры Қарлығаш Әмірқызы –  «Жастарды әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы қозғалысқа тарту» тақырыбында, «Қамқорлық жанұя орталығы» КММ-нің директоры Жібек Әшірханова – «Отбасын қолдау орталықтарының жаңа жұмыс жүргізу алгоритмі» тақырыбында баяндамаларын жасады.

Дөңгелек үстел соңында түрлі пікірлер талқыланып, бірқатар жаңа ұсыныстар қаралды.

ПІКІР ЖАЗУ