Сарыағаш: аудан әкімі Арман Абдуллаев: нақты мәлімет, нақты нәтиже болуы қажет!

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен лездемелік мәжіліс өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы,  қала және ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары қатысты. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сала басшыларының баяндамалары тыңдалды.

Алдымен аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы А.Анарбаев «қызылша аурушаңдығының қолайсыз эпидемиологиялық жағдайы, қызылшаға қарсы жүргізіліп жатқан егу жұмыстарының барысы» туралы баяндап өтті.

Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ғ.Мейманбаев 10 айдың қорытындысымен қаржының игеріліуі туралы баяндамасы тыңдалды.

-Жұмыс орындалуда емес, нақты мәлімет, нақты нәтиже болуы қажет! Жоспар жасалынды,нәтижеге бірге жетуіміз керек. Әрбір жұмысты орындалуы бойынша нақты шешеімдер қабылданады. Фактілер келтірмей, алдын алуды, қарастыру қажет -деп мәжілісті қорытындылаған аудан басшысы,  баяндамашыларға бірқатар сұрақтар қойып, күн тәртібіндегі мәселелер кеңінен талқыланып, нақты тапсырмалар жүктелді.

Сондай-ақ, аудан әкімі көтерілген мәселелерді шешудің нақты ұсыныстары әзірленіп, нақты мерзімін көрсетіп, сол бойынша жұмыстар жүргізу қажет екенін және тапсырмалар қатаң бақылауға алынып, келесі есепте атқарылған жұмыстардың нәтижесіне нақты шешім қабылданатынын  атап өтті.

ПІКІР ЖАЗУ