Сарыағаш: маңызды мақсат – жемқорлықсыз қоғам

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті. Жиынға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия мүшелері, дербес бөлім басшылары, қала  және ауылдық округ әкімдері қатысты. Комиссия отырысының күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.

Алғашқы  мәселе ішкі істер органдары салаларындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі атқарылған шаралары бойынша ауданның полиция бөлімі басшысының орынбасары Н.Ботакулов баяндама жасады.

Күн тәртібінде екінші және үшінші мәселелер  бойынша аудан әкімі аппараты ұйымдастыру бөлімшесінің қызметкері Ж.Аликулова дербес бөлімдер, қала  және  ауылдық округ әкімдіктері,  сондай-ақ ведомствоға бағынысты ұйымдарды қоса алғанда, барлық квазимемлекеттік секторларда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін қарау, сонымен қатар аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның 2023 жылы атқарылған жұмысын қорытындылау және 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы атқарылған шаралар туралы баяндамасы тыңдалды.

Баяндамашылардың есебін тыңдаған аудан басшысы Арман Абдуллаев сыбайлас жемқорлықтың біздің қоғамдағы өршіп тұрған мәселе екенін қатаң ескерте келе, күресу бойынша  тиімді жүйелі жұмыстар жүргізу керектігін айта келе, бірқатар тапсырмалар берді.

ПІКІР ЖАЗУ