Бүгін аудандық Білім бөлімінің ұйымдастыруымен Мәдениет үйінде ұрпақ тәрбиесіндегі отбасы құндылығы тақырыбында аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратов, аудандық Полиция бөлімінің басшысы Ғалымжан Қуашбаев, Білім бөлімінің басшысы Шұға Нұрабаева, Ата-аналар кеңесінің төрайымы Ш.Әзімбаева, Орталық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Ж.Орынбаев және «Игілік» қайырылымдық қорының жетекшісі Қайрат Бахытұлының қатысуымен келелі кездесу өтті.
Кездесуде әйелдерге, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы тұру, ана мен баланы қорғау, отбасының қоғамдағы рөлін нығайту, отбасындағы бала тәрбиесі, қыз тәрбиесі, ата-анаға құрмет жөнінде тағылымды мәселе қозғалды.
Алқалы жиында тұрғындар тарапынан аталған тақырып төңірегінде сұрақ- жауап қойылып, жиын спикерлерімен келелі пікір алмасу болды.
Іс-шара соңында көпшілікке аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары ұлттық құндылықтарға толы, тәрбиелеік мәні зор концерттік бағдарлама ұсынылды.
