Түлкібас: аудандық семинар өтті

Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты «Түркібасы» жалпы білім беретін мектеп базасында 2023 жылы 27 қараша күні «Ұлттық құндылықтарға негізделген: Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру шеңберінде «Балаларды тәрбиелеудегі отбасының рөлін арттыру, ұлттық және отбасылық құндылықтарды дамыту» тақырыбында аудандық тәжірибелік семинар болып өтті.
Мақсаты: Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.
Семинар Х. Юсупалиевтың «Қызықты әлемге саяхат» тренингімен келушілерді ерекше көңіл-күймен қарсы алуымен басталды.
Сатпаева Г.А. 8 «Б» сынып «Ұлы даланың ұлтаралық тілі мемлекеттік тілді оқытудың озық әдіс-тәсілдерін көрсету», Абжапарова Б.С. 5 «А» «Мағжан Жұмабаевтың туғанына — 130 жыл», «Атабаева Д.У. 3 «Б» сынып «Сіздің балаңыз жаяу жүргінші», Турлыбекова А.С. 11 «А» сынып » Толық адам ілімі», Нуржигитов Е.С. 9 «А» » Әкем айтқан нақыл сөз» дөңгелек үстел», Миразизова Д. М. 7 «А», «Дара тұлға-Бейбарыс» әдеби-вернисаж, Мирхаликова Х.М. «Әкеге — ізет, анаға — құрмет», Перметова С.М. 11 «Б» «Отбасылық дәстүр» тақырыбында ашық тәрбие сағаттарын өтті.
Мирхаликов М. М. «Салауатты өмір салтын насихаттау және нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы» спорттық іс-шара, Сартаев Т.П. және Ботамбаева М.Ж. ұлттық құндылықтарға негізделген концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Семинарға қатысушы педагогтер өткізілген сабақтарға өз ұсыныстарын айтты және диалогтік алаң жүргізілді.






