ШЫМКЕНТ: Инфрақұрылым жүйелері бойынша тұрғындармен кездесу өтті

Бүгін Қаратау ауданы әкімі А.Әліқұлов, қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысы Б.Бекбулатов, құрылыс басқармасы басшысының орынбасарлары Б.Күздеубаев, М.Турдиев, «ҚУАТ ЖЫЛУ ОРТАЛЫҚ-3» МКК басшысы П.Сәбитов, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы орынбасары М.Қоқанбаевтың қатысуымен тұрғындармен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында шағынаудан тұрғындары жалпы өзекті болып отырған инфрақұрылым мәселелерін жүйелеу қажеттігін атап өтті. Оның ішінде тұрғындарды алаңдатып отырған ауыз су, қоғамдық көлік, қоқыстан тазарту және тұрғын үйлер сапасы жөніндегі мәселелер тиісті сала өкілдерімен толық талқыланды. Қоғамдық көлік және аялдамалар алшақтығы бойынша мәселелер назарға алынып, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілетіндігі айтылды.

Сонымен бірге, шағынауданның ауыз су мәселесі бойынша қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысы шағынауданның жаңа су құбырына қосылғанын жақында судың сапасының төмендеуіне байланысты, басқарма тарапынан су құбырлары тазаланып, қайта су жүйесіне қосылып ретке келтірілетіндігін атап өтті.
Кезекті тұрғындардың көп қабатты үйлердің сапасына қатысты қозғалған мәселелеріне қалалық құрылыс басқармасы тарапынан құрылыс жұмыстарын жүргізген мердігер мекемелерге тапсырмалар беріліп, орын алған кемшіліктерді ретке келтіру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілетіндігін мәлімдеді.

Кездесу қорытындысын аудан басшысы А.Әліқұлов тұрғындардың барлық өзекті мәселелерін назарға ала отырып, оңтайлы шешімін табу үшін барлық құзырлы сала мен аудан әкімдігі өкілдерінен арнайы комиссия құрды. Қазіргі таңда аталған комиссия әр үйді аралап, тұрғындардың қатысуымен бірге зерделеу жұмыстарын жүргізуде.

ПІКІР ЖАЗУ