Сауран: Жібек жолының шаруалары ағын судың мәселесін көтерді
Ауыл шаруашылығы бойынша құрылған арнайы комиссияның шаруалармен кездесуі ️Жібек жолы ауылдық округіндегі шаруалармен жалғасты. Бұл кездесудің мақсаты ауыл шаруашылық саласы бойынша комиссия құрылып, ауылдағы өзекті мәселелерді тыңдап, жаңадан құрылған ауыл шаруашылық кеңесінде қарап, шешімін табу.
Жібек жолдық егін шаруашылығындағы негізгі мәселе Түркістан магистралды каналынан егістік алқаптарына ағын судың келуі. Қазіргі кезде барлық шаруалар егістік алқаптарын тік ұңғыма арқылы суаруда. Егістік алқаптарын бір кезеңде пайдаланғандықтан жер асты суы төмен түсіп, су тапшылығы сезілінуде. Электр қуатының тарифтері өсуі шаруалардың қалтасына едәуір салмақ болып тұр. Осы жағдайларды айналып өту үшін көктем мезгілінде ағын судың келуін қамтамасыз етілсе деген ұсынысты «Дидар» ШҚ төрағасы М.Ашенов айтты. -Түркістан магистралды каналының жанындағы егістік жерлері ұлғайып, осы канал арқылы суаруды жүргізуінен, және соңғы нүктесі Жібек жолы болғандықтан ағын су тапшылығы орын алуда. Ауылдық округтегі егістік алқаптарын суаруды қамтамасыз ету мақсатында, жоғарыда орналасқан Ақтөбе су қоймасынан егіс алқаптарына ағын суды жеткізуді зерттеуді, қосымша 15 құдық қаздыруды және бар құдықтарды ағымдағы жөндеуден өткіу бойынша ауылшаруашылығы басқармасына ұсыныстар енгізілді,-деп жауап берді бөлім басшысы Сәкен Оразбаев.
«Дидар» ШҚ төрағасы М.Ашеновтің көтерген мәселесі де өзекті. ️Мемлекет тарапынан жеңілдетілген бағада берілетін тыңайтқышты Шымкент қаласында үйлестіріледі. Оны тасымалдау шаруалардың шығындарын еселеп отыр. Тыңайтқыштарды Түркістан қаласында босатылуды қамтамасыз етілсе дейді шаруа. Бұл мәселені шешу жолдары қарастырылатын болды.
Шаруалар уәжі мұнымен тоқтаған жоқ. Қаңғыбас иттердің көбейгендігін, оны жоюды талап етті. ️Жиналыста айтылған барлық мәселер заң аясында қаралып,орындалуы ауыл әкімі Мейрамбек Әшірбековтің бақылауында болады.