Арыс: «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде

Ішкі істер министрілгінің бастамасымен елімізде 10 күндік «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде. Осыған сәйкес, 20 қарашадан бастап Арыс-1 станциясындағы желілік полиция бөлімі күшейтілген режимде жұмыс жасауда.

Іс-шараның ерекшелігі, полиция қызметкерлерімен бірге «AMANAT» партиясының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жұртшылық, волонтерлар, пікір білдірушілер мен блогерлер белсенді қатыса отырып, бірлесе жұмыс жасауда. Мұндағы мақсат – вандализм, мүліктің бүлінуін, ұсақ бұзақылық, жол қауіпсіздігі саласындағы бұзушылықтар фактілерін анықтауға және жолын кесуге, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

Қоғамдық орындармен қатар елді мекендердің шеткі жақтарында патрулдеу күшейтілді. Іс-шара барысында кез-келген ұсақ құқық бұзушылыққа, мүлдем төзбеушілік қағидатын іске асыру. Басты назар – ішімдік ішу және масаң күйде қоғамдық орындарға бару, темекі шегу, ұсақ бұзақылық, ортақ қолданатын орынды ластау, тыныштықты бұзу сондай-ақ есепте тұрған тұлғаларды тұрғылықты жерлерін тексеру болып табылады.

Арыс-1 станциясындағы желілік полиция бөлім бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Нұрболат Биболатұлының айтуынша «Құқықтық тәртіп» шеңберінде жеке құрам құқық бұзушылықты анықтай отыра, оның санын арттыруға бағытталмаған, керісінше жедел жағдайды жақсартып, өздерінің құзыреті шеңберінде халыққа көмек көрсету болып табылады.

ПІКІР ЖАЗУ