Түлкібас: оқу ісі жұмыстары жөніндегі және бейіндік ісі жөніндегі орынбасарларына әдістемелік көмек көрсетілді

2023 жылдың 23 қараша күні Түркістан облысы білім басқармасының “Білім беруді дамыту орталығының ” бастамасымен  “Білім беру жүйесіндегі инновациялық-педагогикалық технологияларды пайдаланудың тиімділігі” тақырыбында Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты барлық білім беру ұйымдарының директордың бейіндік ісі  жөніндегі және оқу ісі жұмыстары жөніндегі орынбасарларына ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК көрсетілді.                  Әдістемелік десантты Білім беруді дамыту  орталығының “Инновациялық және стратегиялық жоспарлау ” кафедрасының меңгерушісі Жунисова Назым Досжановна, кафедра әдіскерлері Байдарбекова Эльмира Садуовна, Тлеулиев Самат Пернебайұлы жүргізді.

 Аталған іс-шараны Түлкібас ауданының білім бөлімінің бас маманы Б.Қилыбаев ашып беріп, білім беру жүйесіндегі инновациялық-педагогикалық технологияларды тиімді пайдаланудың жолдары, “Білімді ұлт” сапалы білім білім беру ” ұлттық жобасын білім беру ұйымдарында іске асыру бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту бойынша тоқталып өтті.

Бүгінгі өткізілген әдістемелік десанттың мақсаты: Түлкібас ауданы көлемінде мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарларының білім беру жүйесіндегі инновациялық- педагогикалық технологияларды тиімді пайдалану жұмыстарының әдістемесін жетілдіру,  оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша әдістемелік сүйемелдеу.

Аталған әдістемелік десантқа барлық білім беру ұйымдарының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары және білім бөлімінің әдіскерлері қатысты.                  Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары секциясында Тлеулиев С., Жунисова Н. оқыту семинарын, ақпараттық семинар, түсіндірме жұмыстарын ал бейіндік ісі жөніндегі орынбасарлары секциясында Байдарбекова Э. презентация, шебер-сынып, фаслитация алаңы, коучинг сабағын, форма “Google” сабақтарын өтті.                         Директордың оқу-ісі  және бейіндік ісі жөніндегі орынбасарларына көрсетілген әдістемелік көмек білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша оқу-әдістемелік жұмыс мазмұнын жетілдіру, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың өзекті мәселелері бойынша жұмыс жасауға өз ықпалын тигізді.

Бүгінгі өткізілген әдістемелік десант өз деңгейінде өтіп, оқу ісі жөніндегі орынбасарлары өзара пікір алмасып, тиімді кері байланыс орнатылды.

ПІКІР ЖАЗУ